Kyzylorda-news.kz 2024 жылдан бері кәсіби театр мәртебесінде жұмыс істеп келе жатқан Қызылорда қаласының Жастар театры өңірдің маңызды мәдени ошақтарының біріне айналды. Қазіргі таңда театр репертуарында 15 қойылым бар. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2024–2025 жылдары театр сахнасында 7 жаңа премьера көрерменге жол тартты. Биыл өнерсүйер қауымға «Шолпанның күнәсі» және «Жалғыз куәгер» спектакльдері ұсынылды. Ал қараша айында Шыңғыс Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» шығармасының желісі бойынша дайындалған жаңа қойылымның тұсауы кесіледі.

Сонымен қатар, театр ұжымы қоғамдық маңызы бар мәдени және әлеуметтік іс-шараларға белсенді қатысып келеді. Жастар арасында діни экстремизмнің, нашақорлықтың және лудоманияның алдын алу мақсатында тұрақты түрде кездесулер, шеберлік сағаттары мен тағылымдық іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Тағы да оқыңыз: