Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі жанынан құрылған Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілері басқосты. Кездесу М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжі базасында өтті. Келелі кездесуде клуб мүшелері осы кезге дейін атқарған жұмыстарымен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, жұмыс ауқымын кеңейтуге келісті. 

Басқосуда бірнеше уақыттан бері талқыланып келген Жастар комитеті жетекшілерінің клубы құрылды. Жетекшісі болып жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі Бексұлтан Еркінбекұлы тағайындалды. Орталық директорының орынбасары Ерлан Мырзалыұлы жастар ұйымдарының жетекшілеріне әрқашан қолдау білдіретінін, алдағы уақытта бірлесіп ауқымды жобалар мен шаралар ұйымдастыратынын жеткізіп, жетекші болып сайланған Б.Өткелбаевқа алдағы жұмысына сәттілік тіледі. 

Клуб отырысы ауыспалы, келесі отырыс Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде өткізілу ұсынылды.

Тағы да оқыңыз: