Kyzylorda-news.kz. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу болып табылады. Бұл мәселе қазіргі таңда қоғам үшін көкейтесті, маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. Ал бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отырғаны тағы бар.Тәртібі қиын баламен түсіндерме жұмыстары жасалма, оның есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз.

Осы мәселерді ескеріп, «ORDA» жоғары колледжі, Абылайхан атындағы №140 қазақ орта мектебi және Ж.Нұрсейiтов атындағы №233 орта мектептің жоғары сынып оқушылары арасында «Жасөспірімдер арасында кездесетін құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. 

Семинардың мақсаты жалпы, кәмелетке толмаған жастар арасындағы зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең басты құндылығы оның бостандығы екенін және жастарға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету болып табылады. Жастардың жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, адамгершілігі мол саналы азаматша болып өсуіне ықпал жасау. Сонымен қатар, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу.

316278256_1834584973567600_7348304537439372686_n.jpg

Тағы да оқыңыз: