Kyzylorda-news.kz. Қаладағы қоммуналдық мекемелердің материалдық-техникалық базасы тағы да жаңа КАМАЗ шассиіндегі бес дана арнайы техникалармен толықты. 

Коммуналдық салада қордаланған мәселе жетерлік. Әсіресе, қала тазалығын қамтамасыз етуде қажетті техникалармен жабдықтау жайы күн тәртібінен түспейтін мәселе болатын. Шаһардың тазалығы аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тікелей қадағалауында. Сондықтан аталған салаға барынша қолдау көрсетіліп келеді. Осы мақсатта 2023 жылдың 17 қаңтарында облыстық мәслихаттың №172 шешімімен он сегіз дана арнайы техника алуға қаражат бөлінді. Жалпы  биылғы жылы барлығы жиырма арнайы техника алу жоспарланған.

Конкурс талабына сай мемлекеттік сатып алу арқылы «Ашық конкурс» тәсілімен «Акмолинский автоцентр КАМАЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз деп танылып, наурыз айында аталған серіктестікпен келісім-шарт жасалынған болатын. Нәтижесінде бүгінгі күні заманауи техникалардың бес данасы қалаға жеткізілді. 

Айта кету керек, бұл бағыттағы жұмыстарды қала әкімдігі үнемі назарға ала отырып, қала тазалығын жақсарту мақсатында техникалық базаны одан әрі дамытуды қолға алған.

Тағы да оқыңыз: