Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік музейі, Қызылорда облыстық мәдениет және спорт басқармасы және Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі үшжақты меморандумға қол қойды. 

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ғылыми-зерттеу және мәдени-білім жұмыстары бойынша музей қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жолдарын жүйелеу және дамыту мақсатында ҚР Орталық музейінде ұйымдастырылған республикалық ғылыми-әдістемелік семинар-тренинг аясында «Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі» директоры Көзейбаев Сапар Алиясқарұлы мен «Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік музейі» директоры Харипова Рашида Ерімқызы музей ісі және тәжірибе алмасу саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Осы меморандум негізінде екі музей мәдени-білім беру мен ғылыми қор жобаларын әзірлеуді ынталандырып, баспа басылымдарымен және өзара қызығушылық тудыратын құжаттардың көшірмелерімен алмасып, ғылыми-әдістемелік семинарларға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, диалог алаңдарына және өзге де іс-шараларға бірлесіп қатысу арқылы тәжірибе және білім алмасатын болады.

315209168_1664462763951241_3280941585107676390_n.jpg

Тағы да оқыңыз: