Kyzylorda-news.kz «Қызылорда су жүйесі» МКК-ға тұтынушылар соңғы бес жылда 450 миллион теңгеден астам қарыз. Бұл қарызды сот арқылы да қайтару мүмкін емес. Осыған қарамастан, мекеме су және кәріз желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын қолға алып, халыққа сапалы қызмет көрсету үшін бар күшін салуда. Осы мақсатта кәсіпорынның 2023-2024 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы бекітілді. Онда жұмысты атқаруға 1,2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. 

Кәсіпорынның бас инженері Наурыз Баярыстановтың мәлімдеуінше, бұл жұмыстардың жалпы құны 522 миллион теңгені құрайды.

Шағын аудан мен үйлерді сумен қамтамасыз ететін Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан «Арай» водазаборы 2013 жылы салынған және қазір қайта жаңғыртуға дайындалып жатыр. Бүгінде мердігер компанияны таңдау үшін конкурс жарияланған. КНС-29-дың жөндеу жұмыстары жақында аяқталған. Жалпы қалаға 67 КНС қызмет көрсетеді, оның 10-ы жаңадан салынған.

Н.Баярыстановтың айтуынша, қазіргі уақытта су құбыры желілерінің тозуы 16,2, ал кәріз желілерінің тозуы 18,9 пайызды құрайды.

− Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында 2023 жылдан бастап «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы жұмыс жасауда. Оның негізгі міндеті − жөндеу жұмыстарының көлемін ұлғайту және табиғи монополиялар субъектілеріне қосымша инвестициялар тарту есебінен электр, жылу және сумен жабдықтау саласындағы желілердің тозуын кемінде 15-20 пайызға төмендету. Өткен жылы кәсіпорынның қаражаты есебінен 19 ұңғыманы ауыстыру және сорғы жабдықтарын орнату жұмыстары жасалды. Сондай-ақ 440 метр кәріз желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді. Бюджет қаражаты есебінен «инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасы шеңберінде сегіз шақырымнан астам су құбыры желілері қайта жаңартылды. Бұл жұмыстардың барлығы тозуды екі пайызға азайтуға көмектесті, – дейді бас инженер.

Биыл 185 метр су құбыры және 280 метр кәріз желілеріне күрделі жөндеу жүргізіліп, 40 өрт гидранты ауыстырылды. Сондай-ақ «Тасарық», «СПМК-70» және «Наурыз» кәріз сорғы станцияларына күрделі жөндеу жүргізілуде. Бюджет қаражаты есебінен «инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасы аясында қазір 8,18 шақырым кәріз желілері қайта жаңғыртылуда. Жүргізілген жұмыстар жалпы тозуды тағы екі пайызға төмендетеді деп күтілуде.

Бүгінгі таңда сумен жабдықтау мен су бұруды қайта құру және жаңғырту жұмыстары қырық пайызға жуық орындалған. Мамандар түсіндіргендей, су тарифі 2020 жылдан бері көтерілмеген. Өйткені ол бастапқыда төрт жылға бекітілген. Осы уақыт ішінде біз білетіндей, жарық пен газ тарифтері өсті. Олар «Қызылорда су жүйесі» МКК үшін де қымбаттады. Енді кәсіпорын 2025 жылдан бастап тарифті көтеру мүмкіндігін қарастыру үшін департаментке жүгінбек. Қазір барлық қажетті құжаттарды жинауда. Бүгінгі таңда бір текше метр судың бағасы 49 теңгені құрайды, кәріз үшін қызылордалықтар 48 теңге төлейді. МКК мамандарының айтуынша, бұл Қазақстан бойынша ең төменгі тариф және ұйым үшін де бұрыннан тиімсіз болып келген. Табиғи монополияларды реттеу комитеті облыс бойынша департаментінің басшысы Айбек Егембергеновтің айтуынша, инвестициялық бағдарламаны іске асыру облыс орталығының тұтынушыларын сенімді және үздіксіз сумен жабдықтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ сумен жабдықтау шығындарын және негізгі құралдардың тозу дәрежесін төмендетуге мүмкіндік береді.

Тағы да оқыңыз: