Kyzylorda-news.kz. Адамдарды ұрлау және сату, жеңгетайлық, адамдарды бас бостандығынан айыру саласындағы қылмыстарды ашу және жолын кесу, сондай-ақ халықты хабардар ету мақсатында 28-30 наурыз аралығында республика көлемінде «Stop трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталады.

Шарасы барысында полиция қызметкерлері вокзал маңындағы алаңдардың аумақтарын, адамдар жиналатын орындарды тексеріп, интимдік қызмет көрсетумен айналысатын адамдар мен жеке-профилактикалық жұмыстарды, сондай-ақ көңіл көтеру орындарында, сауналарда, жалға беретін пәтерлерде, қонақ үйлерде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізеді.
 

Тағы да оқыңыз: