Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы пациенттері арасында спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты - бос уақытты тиімді пайдалану, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау және халықтың белсенді және салауатты өмір салтын жүргізуге ынтасын дамытуға негізделген профилактикалық жұмысты жетілдіру.

Шара барысында футбол, үстел теннисі, ауыр атлетика, дойбы, 100 метрлік жүгіру, армрестлинг сияқты спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Жарысқа 11, 12, 13, 14, 16  бөлімшелерінің пациенттері қатысты. Барлық бөлімшелердің өкілдері жарыста өздерін лайықты көрсете білді. Қатарынан оза шапқандар жеңімпаз атанды.

Қатысушылар шараны ұйымдастырушыларға өздерінің алғыстарын білдіріп, полиция қызметкерлері мен медицина қызметкерлерінің бірлескен іс-әрекеттерін бағалады.

Жарысқа қатысушылар белсенділік танытқаны үшін сыйлықтарға ие болып, дипломдармен марапатталды.

Динара МАХАНОВА

WhatsApp Image 2023-04-07 at 15.52.53 (1).jpeg
WhatsApp Image 2023-04-07 at 15.52.53 (2).jpeg
WhatsApp Image 2023-04-07 at 15.52.54.jpeg

Тағы да оқыңыз: