Kyzylorda-news.kz. Арал ауданының тұрғыны Индира Жайылғанқызы түйе жүнінен тігілген көрпелерді Қызылорда облысының танымал бренді етуге ниетті. Денсаулығына қарамастан, азаматша табысты бизнес жүргізуде. Тігін цехын ашып, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыруда.

Аяқ ангиодисплазиясы диагнозы балалық шағында қойылған. Дәрігерлер қан тамырлары құрылымының сирек ауытқуын толық емдей алмады. Ауырған аяққа жүктемені азайту үшін мұғалім болып жұмыс істеген Индира Жайылғанқызы ұстаздықты қалдыруға тура келді. Тігінші болды. Қолөнерші мен оның көмекшілері сатып алушылар арасында үлкен сұранысқа ие түйе жүнінен көрпе тігеді.

«Цехта 20 адам жұмыс істейді, негізінен физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар. 2020 жылы өзіммен тағдырлас 30 тігінші даярлап оқыттық. Олардың ішінде 3-4-і тұрақты жұмыспен қамтыдық. Қазіргі таңда 20-ның үстінде жұмыс істейді. Оның 30 пайызы мүмкіндігі шектеулі азаматтар.  Біздің цех кезең-кезеңімен кеңейіп келеді. Шығарылатын өнімнің ассортименті артып, лазерлік гравюра технологиясы енгізілуде. Түйе көрпелерін Арал ауданының танымал брендіне айналдыру жоспарда бар», — дейді Индира Жайылғанқызы.

Тағы да оқыңыз: