Kyzylorda-news.kz  Ұлытау облысынан Қызылорда облысының көлдеріне 839 млн текше метрден астам тасқын суы жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су тасқыны кезінде Ұлытау облысының Кеңгір су қоймасынан 839 млн текше метрден астам су жіберілді. Осының нәтижесінде, алғаш рет Кеңгір су қоймасынан жіберілген су Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысының көлдеріне жетті.

Кеңгір су қоймасынан 307 млн текше метр су, Жезді су қоймасынан 81 млн текше метр су жіберілді, ал Сарысу өзеніндегі «Қызылжар темір жол станциясы» су бекеті арқылы 451 млн текше метр су келді.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысының Телікөл көлдер жүйесінің қарқынды су жинағаны байқалады, бұл өңірдің ауыл шаруашылығына жағымды әсер етуі тиіс. Жиналған су одан әрі облыстағы күріш алқаптарына жіберілетін болады, – деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева.

Сурет:baq.kz

Тағы да оқыңыз: