Kyzylorda-news.kz  Мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Алмагүл Божанқызы өмірден өтті. 

Божанова Алмагүл 1946 жылы Сырдария ауданында туған. Мемлекеттік қызмет саласында абыройлы еңбек еткен Алмагүл Божанқызының өнегелі өмірі ел есінде сақталатыны – оның өлшеусіз еңбегінде деп айтуға толық негіз бар. Ол кісі еңбек жолындағы бірге қызмет атқарған замандастарын, Сыр елінің белгілі тұлғалары, қоғамдық-саяси ахуал, жалпы өмір туралы толғаныстарын қағаз бетіне түсіріп, осы кезге дейін бірнеше кітап жазды. «Ердің бағын жандырған Ер Балдырған», «Сыр елім – Жерұйығым», «Сенім жүгі», «Аңыз, абыз адам», «Құдірет пен қасиет», «Көпір», «Сырым мен шыным», «Ғасыр үні», «Ел ардақ-тылары» атты кітаптары Сыр өңірі руханиятына қосқан үлесі екені айқын.

Алмагүл Божанова – 1992-1999 жылдар аралығында Сырдария ауданын басқарған ең алғашқы әйел әкім. Ол бүгінге дейін «Ұрпақтан-ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы қызметін атқарған.

Тағы да оқыңыз: