Kyzylorda-news.kz.  Азаматтарды жеке қабылдау мәселесі – полиция қызметінің басты бағыттарының бірі. Бүгін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Қызылорда облысының Полиция департаментінде полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша кезекті жеке қабылдауын өткізді. 

Қабылдауға алдын ала жазылған облыс тұрғындары шағымдарымен, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша кеңес алу мақсатында жүгінген. Махсудхан Нұғманұлы тұрғындардың шағым-ұсыныстарын, талап – тілегін мұқият тыңдап, заңға сәйкес түсіндірме беріп өтті. 

«Азаматтардың арыз-шағымдарын қарау барысы Полиция департаментінің қатаң бақылауында болады. Әрбір келіп түскен өтініш назардан тыс қалмайды. Бүгін менің жеке қабылдауыма алты азамат келіп отыр. Олардың әкімшілік, кадр және қылмыстық істер аясында айтылған барлық уәждері назарға алынатын болады. Сол істердің аясында түсіндірмелер беріліп, бақылауға алынатын болады. Азаматтардың әрбір өтініші бойынша тиісті тексерулер жүргізіліп, оларға жазбаша түрде жауап қайтарылатын болады» – деді Департамент бастығы полиция генерал-майоры Аблазимов Махсудхан.

Тағы да оқыңыз: