Қызылорда облысы Баймұрат ауданында жантүршігерлік апатқа ұшырағандарға құтқарушылар көмекке келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға Шымкент-Самара тас жолында болды.

Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының құтқарушылары гидроқұтқару құралдарының көмегімен екі әйелді көліктен шығарды.

Олар жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Фото: ТЖМ 

Тағы да оқыңыз: