Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда облысында жыл басынан бері 387 өрт оқиғасы орын алды.  Өрт оқиғалар көбіне қауіпсіздік ережелеріне салғырт қараудан, тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуден, балаларды қараусыз қалдырудан орын алуда. Бұл туралы Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Нұрсұлтан Ибрагимов мәлімдеді.

Оның айтуынша жатақханалардағы өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында 2023 жылғы 13-17 қарашада Қызылорда облысының көлемінде «Жатақхана» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылған.  

«Жергілікті әкімдіктермен бірлесе облыс бойынша 1430 тұрғыны бар 15 тұрғын жатақхана нақтыланды. Жылу беру маусымына дайындық кезеңі басталғанан бастап барлығы 35 000 тұрғын үй секторының ауласы араланды. Тұрғындармен 180 рет кездесу ұйымдастырылып, оларға электр жабдықтарын, газ баллонды, пешті, газ пешін қолдану талабы түсіндірілді. 452 тұрғын үйде 474 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы анықталды», - дейді Нұрсұлтан Ибрагимов.

 Айта кетейік, профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде 10 айдың қорытындысы бойынша өрт саны өткен жылғымен салыстырғанда 2,1% азайған. 
 

Тағы да оқыңыз: