maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz. Ауа райының нашарлауына байланысты «Самара-Шымкент» автомобиль жолының Қызылорда облысындағы бірқатар бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. 

7 ақпанда елорда уақытымен сағат 12:30-ден бастап Ақтөбе облысында ауа-райы күрт нашарлаған. Боран, бұрқасын, көктайғақ болып тұр. 

«Осыған байланысты республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1 240-1 360 шақырым аралығында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Ол Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейінгі аралықты қамтиды.
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментіндегі қауырт желінің телефон нөмірі 87242 551076», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен. 

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: