Kyzylorda-news.kz. 2022 жылғы 24-25 қараша аралығында Қызылорда облысында "Қыс-2022" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - қыс кезеңінде болуы мүмкін төтенше жағдайлар кезінде басшы құрамның басқару, шешім қабылдау, азаматтық қорғау органдарымен өзара әрекет ету, авариялық-құтқару жұмыстарына күш-құралдарды дайындыққа келтіру, жергілікті азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын тексеру, өзара іс-қимылдарды пысықтау.

Республикалық оқу-жаттығудың жедел штабы ҚР ТЖМ Вице-министрі М.Күлдіковтің басшылығымен Қостанай облысында жұмыс атқарады.

Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою бөлімі
 

Тағы да оқыңыз: