Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстардың және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында заманауи үлгідегі бейнебақылау камералары мен жылдамдық өлшегіш құрылғылар орнатылған.

Қазіргі таңда облыс аумағында 888 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. 2025 жылдың 12 айында 102 арнасына облыс көлемінде 71 293 хабарлама түскен.

ПД.jpeg

Аталған кезеңде Қызылорда облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығы арқылы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптарына сәйкес 87 173 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 73 141 дерек жол жүрісі ережелерін бұзуға қатысты. Сондай-ақ бейнебақылау камераларының көмегімен 195 қылмыстың ашылуына ықпал етілді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру және қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында «Мүлдем төзбеушілік» қағидасы аясында әкімшілік кодекстің бірқатар баптары бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Бейнебақылаушы инспекторлардың көмегімен:

  • ӘҚБтК-нің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша – 4 194 дерек,
  • ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша – 2 746 дерек,
  • ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша – 769 дерек,
  • өзге баптар бойынша – 6 323 құқық бұзушылық анықталды.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды заң талаптарын қатаң сақтауға, қоғамдық орындарда тәртіп бұзбауға, жол жүрісі ережелерін орындауға және кез келген құқық бұзушылыққа бейжай қарамауға шақырады.

Бейнебақылау камералары тәулік бойы жұмыс істейді. Кез келген құқық бұзушылық тіркеліп, заң аясында тиісті шаралар қолданылады.

ПД.jpeg

Тағы да оқыңыз: