Kyzylorda-news.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және жаңа бизнес идеяларды қолдау гранттарын табыстау барысында алаяқтықтың алдын алу мақсатында кездесу өтті.

Мақсат – қайтарымсыз гранттарын алу барысында туындайтын алаяқтық әрекеттердің алдын алу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу және оның алдын алу бойынша тиімді шараларды қабылдау, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

 Шараға өңірлік Антикор басшысының бірінші орынбасары, Полиция департаментінің, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және бағдарламалар басқармасы, аудандық басқармалар, қоғамдық ұйымдар, облыстық кәсіпкерлік палатасы және азаматтық қоғам өкілдері қатысады.

 Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңашылдықтар, гранттарды алу барысында алаяқтық жағдайлары, оның салдары және алдын алу шаралары талқыланады.

 Құқық қорғау органы алаяқтықтың белгілерін анықтау, азаматтарды қорғау және құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныстар берді.

 Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тегін консультациялар алу үшін, сондай-ақ белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлау үшін 1424 колл-орталығына хабарласу мүмкіндігі туралы ақпарат берілді.

Тағы да оқыңыз: