Kyzylorda-news.kz 21 шілдеде Қызылорда облысында ауа райы күрт құбылады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 21 шілдеде Қызылорда облысының солтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Облыстың орталық, солтүстік және оңтүстік бөліктерінде шаңды дауыл соғып, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Сонымен қатар, өңір аумағында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында да күндіз шаңды дауыл күтіледі. Батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Қала аумағында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Фото: Казгидромет

Тағы да оқыңыз: