Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырған «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» ұранымен отбасылар арасындағы есірткіге қарсы байқау қорытындыланды.

Байқауға ата-аналармен қатар балалар, ата-әжелер және басқа да жақын туыстар қатысты. Қатысушылар өз жұмыстарында отбасының бала тәрбиесіндегі рөлін, ата-ана мен бала арасындағы сенімнің маңызын, есірткінің зияны мен балалар мен жастардың есірткі бизнесіне тартылу қаупін көрсетті. Сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстануға, дұрыс таңдау жасауға және балалардың жарқын болашағы үшін бірлесе әрекет етуге шақырды. Байқау аясында отбасылар қоғамға арналған бейнероликтер түсіріп, бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялады.

Байқау қорытындысы бойынша: І орын – Арал ауданының №292 мектебінен Қалдыбаевтар отбасына, Жаңақорған ауданының №168 мектебінен Әбдіғаниевтер отбасына, №192 мектебінен Пернебаевтар отбасына және Қармақшы ауданының №99 мектебінен Укибаевтар отбасына берілді. ІІ орын – Қазалы ауданының №103 мектебінен Қанатовтар отбасына, №92 мектебінен Артықбаевтар отбасына, Жалағаш ауданының №123 мектеп-лицейінен Көптілеуовтар отбасына және Сырдария ауданының №131 мектебінен Кенжеевтер отбасына бұйырды. ІІІ орын – Жалағаш ауданының №31 мектеп-гимназиясынан Төлеуовтер отбасына, Қармақшы ауданының №272 мектебінен Шынтасовтар отбасына, Шиелі ауданының №244 мектебінен Нұрахан отбасына және Шиелі ауданы №127 мектебінен Рүстембек  отбасына берілді.

Осылайша, байқау отбасының қоғамдағы маңызын арттырып, есірткінің алдын алудағы ортақ жауапкершілікті нығайтуға, өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеуге және жастарды есірткі бизнесіне тартылудан қорғауға бағытталған маңызды профилактикалық бастама болды.

В Кызылординской области определены победители конкурса «Крепкая семья – вдали от наркотиков!»1.jpgСурет: УПН

Тағы да оқыңыз: