Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақыт Жахановтың төрағалығымен Қызылорда облысы бойынша азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Т. Дүйсебаев, Қызылорда облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Е. Сүлейменов, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары А. Ибрагим хабарлама жасады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасың сақталуына барлығы 102 кәсіпкерлік субъектісі тексеру жұмыстарымен қамтылып, 28 кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері комиссияның 14 отырысы өткізіліп, онда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру, өнімсіз делдалдарды алып тастау, сауда үстемесінің сақталуы мәселелері қаралды.

Бұдан бөлек инфляциялық қысымды төмендету мақсатында облыс көлеміндегі 183 сауда нысандарымен 10%-дан аспайтын ең төменгі сауда үстемесі туралы екі жақты меморандумдар жасалды.

Тағы да оқыңыз: