Kyzylorda-news.kz. 31 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Бұл туралы “Қазгидромет” РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлады.
“Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады”, – делінген хабарламада.
Қызылорда қаласында 31 шілдеде таңертең және күндіз найзағай, дауыл, шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел күтіледі.