Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында алаяқтық қылмысы азайып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық полиция департаментінің Криминалды полиция басқармасы бастығының орынбасары Рустам Сайділдинов мәлімдеді. 

Бүгінгі таңда интернет алаяқтарының құрығы ұзын болып тұр. Бұл мәселе тек біздің елімізде ғана емес, әлемдік мәселеге айналғаны сөзсіз. 

Қызылорда облыстық полиция департаментінің Криминалды полиция басқармасы бастығының орынбасары Рустам Сайділдиновтің айтуынша, қазіргі таңда аймақта ғаламтордағы алаяқтық қылмысына қарсы түрлі іс-шаралар жүргізіліп жатыр. 

«Жыл басынан бері алаяқтық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 64 пайызға төмендеді. Сондай-ақ, бүгінде халықтың интернет алаяқтарға алданып қалмауы үшін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ішкі істер министрлігінің өңірлік департаменттерімен бірлесіп «Финграмота» атауымен ресми сайт әзірленіп, көпшілік назарына ұсынылуда. Сонымен қатар, күнделікті интернет-алаяқтық қылмыстарын болдырмау мақсатында түсіндірмелік мақалалар мен  профилактикалық бейнероликтер әлеуметтік желілерге үнемі жариялануда. Осы орайда, облыс тұрғындарын жеке куәлік деректерін, төлем карталарының мәліметтерін мұқият пайдалануға шақырамыз», - деді Рустам Тұрарұлы.

338042456_610237794311819_7522988257926162876_n.jpg

Тағы да оқыңыз: