Kyzylorda-news.kz  Қызылорда облысының Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында деструктивті діни ағым ұстанушысы, қала тұрғыны 31 жастағы әйел азаматша «телеграмм» месенджері арқылы  экстремистік материалдарды таратқаны анықталды. 

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. 

Нәтижесінде Қызылорда қалалық сотының үкімімен азаматша  кінәлі деп танылып, оған 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылауға алынған.

Фото:kazislam.kz

Тағы да оқыңыз: