Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында Дәурен Шәріпбаев адам құқықтары жөніндегі өкіл болып тағайындалды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованың өкімімен «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Заңға сәйкес бірқатар облыстарда, сондай-ақ Астана, Шымкент қалаларында омбудсменнің өкілдері тағайындалды.

Қызылорда облысында 1977 жылы туған Дәурен Шәріпбаев жұмысқа кірісті. ҚазМУ және Азаматтық авиация академиясын бітірген. Прокуратура органдарында, сот жүйесінде, адвокатурада, нотариатта және квазимемлекеттік секторда жұмыс тәжірибесі бар.

Тағы да оқыңыз: