Kyzylorda-news.kz  8 желтоқсан күні Қызылорда облысындағы 7 округте шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау ұйымдастырылады.

Атап айтқанда, Қызылорда қаласындағы №19 округ, Қармақшы ауданындағы №1, №4 округтер, Жалағаш ауданындағы №12 округ, Сырдария ауданындағы №11, №12 округтер және Шиелі ауданындағы №3 сайлау округі.

7 округте 14 учаске және 139 комиссия мүшесі жұмыс істейді. Мұнда 20 421 сайлаушы дауыс беруге құқығы бар.

Сайлауды өткізудің Күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттардан құжат қабылдау 8 қараша, сағат 18.00-де аяқталды. Ал, кандидаттарды тіркеу 13 қараша, сағат 18.00-ге дейін аяқталады.

7 округ бойынша 23 кандидат ұсынылды. Оның 4-і саяси партиядан, 19-і өзін-өзі ұсынды.

Ұсынылған кандидаттар ішінде 18-і – ер, 5-і – әйел адам.

15 кандидат Қазақстан Республикасындағы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 9 кандидат партия қатарында жоқ.

Кандидаттардың орташа жасы - 39 жас.

20 кандидаттың жоғары білімі, 2-і – орта кәсіптік білімі және 1-і – орта білімі бар.

Кандидаттардың 17-і мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда, 6-ы - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.

Ұсынылған 23 кандидаттың 18-і тіркелді. Олар енді үгіт жұмыстарын жүргізуге құқылы.

Үгіт кезеңі 13 қараша сағат 18.01-ден 7 желтоқсанға дейінгі аралықты қамтиды. 7 желтоқсан – тыныштық күні, 8 желтоқсан – дауыс беру күні.

Заңға сәйкес, кандидат өз сайлау қорын аша алады. Үгітті БАҚ арқылы, кездесу жиындарын өткізу және таратпа материалдарын тарату арқылы жүргізуге құқығы бар.

Дауыс беру таңғы сағат 07.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жалғасады.

2.jpg

Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы

Тағы да оқыңыз: