Kyzylorda-news.kz. 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген және ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген шетелдік автокөліктерді тіркеу жұмыстары жүргізілуде. 

Тіркеу жұмыстары басталғалы шетелдік автокөліктерді заңдастыру үшін барлығы 9506 өтініш қабылданып, оң шешімін тапқан өтініштер бойынша 8434 көлік құралдары заңдастырылып, тіркелді.

Ағымдағы жылдың 22 мамырынан бастап «конструктор» ретінде шет мемлекеттен алып келінген автокөліктерді тіркеу үшін азаматтардан өтініштер қабылдануда. Қазіргі таңда иеліктен шығару құқығынсыз 20 автокөлік тіркелді. Олардың 16-ы Армения Республикасы, 3-і Ресей Федерациясы, 1 Қырғызстан Республикасының мемлекеттік тіркеу куәлігімен өтініш білдірген автокөліктер. 

Естеріңізге сала кетейік, заңдастыруға өтінімді е-gov.kz электрондық үкімет порталы, екінші деңгейлі банктердің қосымшалары, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беруге болады.

Автоконструкторларды зандастыру туралы қатысты қосымша  ақпаратты көрсетілген Call-орталығының  нөмерлері арқылы алуға болады:8-705-102-68-41;8-7242-21-20-93.

Тағы да оқыңыз: