Kyzylorda-news.kz. Республикадағы құрғақшылықтан зардап шеккен Маңғыстау және Қызылорда облыстарының малшыларына көмек ретінде Азық-түлік корпорациясы резервінен төмендетілген бағамен жем-шөп жіберіледі. Атап айтқанда, «Каспий» ӘКК келісімдері бойынша Ұлттық компания Маңғыстаудың шалғай аудандарына 546,304 тонна арзандатылған арпа жіберуде. Бұл туралы Азық-түлік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.
«13 шілдедегі мәлімет бойынша азық-түлік корпорациясы 9 вагонға арпа тиеуге кірісті. Елді мекендердегі мал шаруашылықтарына таратуға және олардың қабылдауына қолайлы болу үшін арпа 45-50 кг қаптарға салынады. Аталған жұмыс «Астық қоймалары №1 нан базасы» ЖШС-ның Ақ-көл станциясында астық қабылдау кәсіпорнында тәулік бойы жасалуда» – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Компания төтенше жағдайда фермерлік шаруашылықтарға жем таратуда, ол нарықтық бағадан 20% төмен құнмен берілетінін атап өтті. Маусым айында азық-түлік келісім шарт корпорациясы облыстың құрғақшылықтан зардап шеккен екі вагонына жалпы көлемі 637,294 тонна болатын 10 вагон жеткізді.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қызылорда облысының мал шаруашылығы кәсіпорындарына арпа жіберу одан әрі жалғасуда.
