Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» тақырыбында ғылыми – тәжірибелік конференция өтті.
Маңызды шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдарының Құрметті ардагері, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің құқықтану кафедрасының аға оқытушысы Шаймағамбетов Әмірбек Бердібекұлы, Қызылорда облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Маншарипов Айдарбек Жақсыбекұлы, Заң бөлімінің қызметкері Даулбаева Динара Жалғасбайқызы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Бөрібаева Майнұр Әбілтайқызы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті философия және әлеуметік – гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Сыздыкова Махпал Бархияқызы, педагогика ғылымдарының магистрі, Тарих кафедрасының аға оқытушысы Ахметбек Бақытжан Мұқарамұлы қатысты.
Ғылыми – тәжірибелік конференция барысында ҚР-сы ІІМ Ішкі істер органдарының Құрметті ардагері Әмірбек Бердібекұлы «Тәуелсіздік - ең басты игілік, баға жетпес құндылық» тақырыбында баяндама жасаса, Қызылорда облысы Полиция департаментенің полиция полковнигі, Тергеу басқармасының аса манызды істер жөніндегі аға тергеушісі Айдарбек Жақсыбекұлы «Тәуелсіздік жылдарында Ішкі істер органдарындағы реформалар» жөнінде нақты мысалдарға толы баяндама жасады.
Сондай-ақ, Қызылорда облысы полиция департаментінің Заң бөлімінің бас маманы Динара Жалғасбайқызы «Қазақстанның Конституциясы – Тәуелсіздіктің негізгі құндылығы» атты баяндамасында әр адам Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті екенін жеткізді.
Жалпы, бүгінгі өткен конференцияда еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктері, қоғамда тұрақтылықты сақтауға бағытталған мәселелер талқыланды. Барлық қастысушылар сұрақ қоюға және мамандардан толыққанды жауап алуға мүмкіндік алды. Конференция қатысушылар тарапынан жоғары бағаланып, өзектілігі мен маңыздылығы атап өтілді.