Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Искаков Ермек Бердалыұлы «Орда» ішкі істер органдарының ардагерлер командасының ойыншыларын марапаттады. 

Бұл команда ағымдағы жылдың 18-19 ақпан күндері аралығында  Теміртау қаласында  футзалдан Ішкі істер органдары ардагерлері арасында III дәрежелі "Барыс" орденінің иесі Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлын еске алуға арналған республикалық турнирке қатысқан болатын. Республика бойынша  10 команда бақ сынасты.   

Ерлан Нұрғалиев ішкі істер органдарындағы қызметін кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істеу тобының инспекторы лауазымынан бастап, Нұра аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторына дейін қызмет еткен. Зейнет жасына шыққаннан кейін «Охотзоопром» республикалық мемлекеттік коммуналдық мекемесінде еңбек етті. Ерлан Нұрғалиев 2019 жылдың 15 қаңтарында заңсыз аң аулаған браконьерлерді ұстау барысында ерлікпен қаза тапты. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қылмыскерлерді ұстауда танытқан ерлігі үшін ІІІ-ші дәрежелі «Барыс» орденімен қаза тапқаннан кейін марапатталды.  

Турнирге Қызылорда облысы Полиция департаментінің "Орда" ардагерлер командасы қатысқан болатын. Ардақты ардагерлер тартысты додада мықтылық пен жылдамдық танытты. Төрешілер қатысушыларды қырағы көзбен бақылады. Жарыс қорытындысы бойынша "Үздік шабуылшы» болып Абдреев Асылхан Сейдалыұлы  танылды. 

Полиция полковнигі Искаков Ермек Бердалыұлы белсенді ардагерлерді Алғыс хатпен марапаттап, естелік сыйлық табыстады.      

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал – полковнигі М.Ахметжановтың бұйрығымен Қазақстан Журналистер Кеңесінің мүшесі Мықтыбаев Нұрсұлтан Ермұғанұлы «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі  үшін» медалімен наградталды. 

Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі  Искаков Ермек  Бердалыұлы  ішкі  істер органдарының құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету  жөніндегі қызметін белсенді жариялаған журналистті марапаттап, қызметіне сәттілік тіледі. 

Безымянный.jpg

Тағы да оқыңыз: