Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қожабаев Мұхтар Аманқұлұлы жеке құрамға жаңадан тағайындалған тергеу жөніндегі орынбасарын таныстырды.  

Министрдің бұйрығымен Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне ауыстыру тәртібімен   полиция полковнигі Досжанов Амангелді Асқарұлы тағайындалды. Досжанов Амангелді Асқарұлы ҚР Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласы жоғары мектебін тәмамдаған. Еңбек жолын  тергеу саласынан бастаған. 

Маңғыстау облысы ішкі істер департаментінің Маңғыстау ауданының ішкі істер басқармасының бастығы, Мұнайлы ауданының ішкі істер басқармасының бастығы, Жаңаөзен қаласының ішкі істер басқармасының бастығы қызметін атқарды. 2018 жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары  қызметін атқарды. 

Полиция полковнигі Мұхтар Аманқұлұлы жаңа орынбасарға табысты әрі жемісті жұмыс тіледі. 

Безымянный.jpg

Тағы да оқыңыз: