Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы полиция департаменінің арнайы мемлекеттік мұрағатына 216 өтініш келіп түсті.
Қызылорда облыстық полиция департаментінің Ақпараттандыру және байланыс басқармасының арнайы мемлекеттік мұрағатында барлығы 29595 дана құжат, яғни, ішкі істер органдары бастықтарының бұйрықтары, ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкерлерінің жеке істері, басқармашылық құжаттар мен номенклатуралық істер сақталуда.
Облыстық полиция департаментінің Ақпараттандыру және байланыс басқармасы арнайы мемлекеттік мұрағатының шегінде мұрағаттық анықтамаларды және мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.
Қызылорда облыстық полиция департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағатына биылғы жылдың 9 айында барлығы 216 дана өтініштер келіп түсіп, оның ішінде жеке тұлғаларға қатысты – 126, заңды тұлғаларға - 90 мұрағаттық анықтамалар, бұйрық үзінділері және құжаттар көшірмелері берілді.
Мемлекеттік қызметті алуға қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық жүйе және байланыстың үзіліссіз жұмысы қамтамасыз етіліп, қызметтерді сапалы және уақытылы орындау тәртібі қатаң бақылауға алынған. Өз кезегінде, Қызылорда облысы полиция департаментіне жүгінген тұрғындар жақын туыстарына қатысты аса маңызды ақпараттарды ала отырып, мұрағат қызметкерлерінің жұмысын жоғары бағалауда.

