Kyzylorda-news.kz  Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев осы туралы мәлім етті.

«Облыс орталығындағы жолаушылар тасымалдау қызметін жақсарту мақсатында 300 жаңа автобус алынып, қоғамдық көлік мәселесі толығымен шешімін тапты», - деді аймақ басшысы.

Мұнан бөлек, «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 600 млн. теңгеге жуық қаржыға теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтті.

Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі автовокзал ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа автовокзалда 38 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның 1-уі халықаралық, 7-уі облысаралық, 30-ы ауданаралық бағытта.

Экотакси қызметін құру бойынша алынған 100 электромобильдің барлығы тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Экотаксилер электр қуатымен жұмыс істейді. Толық зарядтау шамамен 500 шақырымға жетеді. Қазіргі таңда  экотакси азаматтарға өз қызметін көрсетуде. Жобаның басты мақсаты – «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында санитарлық тазалық жұмыстарымен қатар, экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жаңаша жобаларды жүзеге асыру.

Тағы да оқыңыз: