Kyzylorda-news.kz Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қызылорда қ. өңірлік өкілдер басқармасының қызметкерлері Мұрат Сарманов пен Қанат Акишев «РУ-6» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорнының қызметкерлеріне көшпелі дәріс өткізді.
Кездесудің мақсаты – өңірлердегі ірі компаниялар қызметкерлерінің қаржылық сауаттылығын арттыру. Қызылорда облысы Шиелі ауданының «Қарамұрын» кенішінде өткен оқыту іс-шарасының тақырыбы – «Абайлаңыз: алаяқтар: олардан қалай қорғануға болады және цифрлық гигиена туралы не білу керек?».
Өңірлік өкілдер басқармасының өкілдері өндіруші компанияның қызметкерлеріне интернеттегі алаяқтық туралы, сондай-ақ қаскүнемдердің телефон арқылы қалай алдайтыны, жасанды интеллект технологиясын қалай қолданатыны, дауыстарды, фотосуреттер мен бейнелерді, телефон нөмірлерін қалай қолдан жасап алатыны туралы айтып берді.
Қаржы реттеушісінің қызметкерлері фишингпен (интернет-алаяқтық), вишингпен (телефон арқылы жасалатын алаяқтық) квишингпен (жалған QR-кодтарды пайдалану арқылые), фармингпен (жәбірленушіні жалған IP-мекенжайға бағыттау) және смишингпен (SMS-хабарламалар арқылы алдау) байланысты алаяқтық схемаларға жан-жақты тоқталып, өздерін Желіде қалай қорғауға болатыны және киберқылмыскерлердің құрығынан қалай құтылу керектігі жайлы ұсынымдар берді.
Цифрлық әлемде ұдайы орындап отыруды талап ететін өзіндік гигиена қағидалары бар. Тек оларды бұлжытпай орындаған жағдайда ғана олар сіздің киберкеңістігіңізді қорғауға көмектеседі, ал егер сіз оларға немқұрайлықпен қарасаңыз, қаржылық алаяқтардың тұзағына түсіңіз әбден ықтимал.
№1 қағида. Ешқашан және ешкімге, әсіресе, бейтаныс адамдарға, өзіңіздің жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшірмесін жібермеңіз, картаның толық деректемелерін, әсіресе, артқы жағындағы үш таңбалы кодты, SMS-пен келетін кодты және өзге де жеке ақпаратты айтпаңыз.
№2 қағида. Өзініңіздің цифрлық кеңістігіңізде кезеңмен «толық тазалау» жүргізіп отыруды әдетке айналдырыңыз, антивирусты пайдаланыңыз. Толассыз ақпарат легінде алаяқтардан келген хатты, сондай-ақ сіздің почта жәшігіңізді немесе әлеуметтік желідегі аккаунтыңызды бұзу туралы хабарды байқамай қалуыңыз да мүмкін, сол себепті өзіңіздің гаджетіңізді жиі тазалап, ретке келтіріп отыруды ұсынамыз.
№3 қағида. Күрделі және әртүрлі парольдерді қолданыңыз. Цифрлық гигиена сіздің аккаунттарыңызға және әлеуметтік желілердегі жеке кабинеттеріңізге, поштадағы және әртүрлі, оның ішінде қаржылық қосымшалардағы қолданыстағы парольдердің қауіпсіздігіне әкеледі.
№4 қағида. Авторизациялаудан өтпеген дүкендердің қосымшаларын телефоныңызға жүктемеңіз және құпиялылық талаптарын мұқият бақылап отырыңыз. Өз гаджеттеріңізге тек қана ресми дүкендердің қосымшаларын жүктеңіз, пираттық софтты жүктемеңіз.
№5 қағида. Файлдардың сақтық көшірмесін жасауды ұмытпаңыз. Cыртқы USB-тасымалдағышқа маңызды файлдардың сақтық көшірмесін үнемі жасап отырыңыз. Бұл опция теңшеулер конфигурациясын, барлық қосымшалар мен жеке ақпаратты сақтау үшін жасалған. Мұндай функция жоғалған құрылғыдан деректерді қалпына келтіруге және гаджет жоғалған немесе бұзылған жағдайда оны жаңасына көшіруге көмектеседі.
Fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!