Kyzylorda-news.kz Ағымдағы жылдың 24 маусымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде  жоғары сынып оқушылары мен студенттер үшін «Ашық есік күні» өтті.

Іс-шара «Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және азаматтардың құқық қорғау органдарының қызметіне деген сенімін нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Қатысушыларға Департамент бойынша экскурсия жүргізіліп, ақпараттық-талдау материалдары көрсетіліп, жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдану бойынша кеңестер берілді.

Шара барысында Департаменттің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Ж.Жүсіпәлиев жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттарымен таныстырып, «Antikor Ortalygy» сервистік орталығының жұмысын көрсетті.

Сондай-ақ, Департаменттің мәжіліс залында Кадр жұмысын ұйымдастыру тобының аға офицері А.Бодықова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмысқа қабылдаудың негіздемесі туралы айтты.

Өткізілген шара жастар арасында үлкен қызығушылық тудырып, мұндай кездесулерді жүйелі өткізу қажеттігін растады.

Мұндай акциялар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілікті тәрбиелеуге ықпал етеді.

Тағы да оқыңыз: