Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Ш.Есенкелдиевтің төрағалығымен жедел кеңес өтті. Жедел кеңесте департаменттің 2022 жылдың 9 айында атқарылған жедел-қызметтік жұмысы талданды.
Жедел кеңеске ҚАЖД және ведомстволық бағынысты мекемелердің басшылары, қалалық, аудандық пробация қызметтерінің бөлім бастықтары және облыстық полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ғ.Қарағұлов қатысты.
Департамент бастығының орынбасарлары әділет полковнигі М.Нәкенов, әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров 2022 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы туралы, яғни жедел-қызметтік жұмыстың нәтижелері, мекемелердегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстарға және пробация қызметінің жұмысы туралы мәлімдеме жасады. Сонымен қатар, облыстық Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы полиция подполковнигі Ғ.Қарағұлов атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Жеке құрам арасындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен басқа да заңсыз әрекеттердің жолын кесу, арыз-шағымдардың уақытылы орындалуы, сапалы қызмет көрсетілуі жөнінде мәселелер бойынша тоқталды. Сондай-ақ, қызметкерлерге заңдылық пен қызметтік тәртіпті қатаң сақтап, тек заң аясында қызмет атқару керектігін жеткізді.
Жедел кеңесті қорытындылаған департамент бастығы Ш.Есенкелдиев ҚАЖ мекемелеріне алдағы уақытта атқарылатын міндеттер бойынша тапсырма берді. Атап айтсақ, сотталғандарды жұмыспен қамту, олармен тәрбиелік жұмыстарды жиі жүргізу, медициналық, психологиялық көмек бойынша жұмыстарды жандандыруды жүктесе, пробация қызметіне есептегі азаматтар тарапынан қайта қылмысқа жол бермеу мақсатында тиісті жұмыстарды атқару жөнінде тапсырма берді.


