Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
«ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша агенттік төрағасының бұйрығымен Кеңес Аслан Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды» делінген хабарламада.
Кеңес Аслан бұған дейін орталық аппараттың департамент басшысының орынбасары қызметін атқарған.