Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша экология департаментімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында биылғы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтерге талдау жұмыстары жүргізілді.

Талдау нәтижесіне сәйкес департаментпен биылғы жылдың 11 айында экологиялық рұқсат алу үшін 135 жобалық құжаттамалар қаралса, оның 88-не экологиялық рұқсат беріліп, 47-і өтінім кері қайтарылған. Осы ретте, мемлекеттік экологиялық сараптама нәтижесімен рұқсат өтінімдерін кері қайтаруға негіз болған ескертпелер негізінен табиғат пайдаланушылар мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалаушы кәсіпорындар тарапынан методикалық нұсқаулықтардың, ережелердің, экологиялық талаптардың сақталмауынан екендігі анықталды. Осылайша талдау барысында мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде жобалық құжаттамаларға рұқсат берілмеу себептері анықталып, оған негіз болған жиі қайталанатын ескертпелердің тізімі жасақталды.

Олар негізінен қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесін дұрыс қолданбауы, әдістеменің 18 тармағына сәйкес көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган берген шикі газды жағуға арналған рұқсаттың болмауы, эмиссиялар нормативтерін айқындау кезінде жобамен белгіленген көрсеткіштердің шектерінде соңғы 2-3 жыл үшін жабдықтың іс жүзіндегі жүктемесінің есепке алынбауы, майланған топырақтың пайда болуын шектемеу, қоғамдық тыңдаулардың өткізілмеуі және т.б. экологиялық талаптардың сақталмауы болып табылады.

Осы ретте, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында қоршаған ортаға әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау барысында жоғарыда аталған кемшіліктерді ескеру қажет екендігін қоршаған орта саласындағы жобалаушы кәсіпорындардың және табиғат пайдаланушылардың назарына саламыз.

Сонымен қатар департамент алдағы уақытта жоғарыда аталған кемшіліктердің орын алмауын қамтамасыз ету мақсатында қоршаған орта саласындағы жобалаушы кәсіпорындар мен табиғат пайдаланушыларға экологиялық білім беру мен ағарту, кадрлардың біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды ұсынады.

319215793_875468740138256_6664362611034769059_n.jpg

Тағы да оқыңыз: