Kyzylorda-news.kz. Бүгін 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай  «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылында «Көк аспанда күн күлсін, бірге күлсін бүлдіршін» атты мерекелік іс-шара өтті. 

Шарада балалардың өз қолымен жасалған қолөнер көрмесі мен тігін бұйымдарының жәрмеңкесі көрсетілді. Аталған шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов арнайы қатысып, бүлдіршіндерді  мерекесімен құттықтады. 

«Бүгін жайма шуақ жазбен қатар келген Халықаралық балаларды қорғау күнімен сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Бүгінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев пен  облыс әкімі Н.Нәлібаев әрдайым балалардың жағдайын жасауға және сіздердің толыққанды білім алуларыңызға айрықша көңіл бөліп келеді. Өйткені Сіздер – елдің болашағы, Отанымызды жоғары биікке көтеретін жандарсыздар», - деді Нұрымбет Аманұлы. 

Облыс әкімінің орынбасары балаларды жазғы демалыс кезінде спортпен айналысып, кітап оқуға шақырды. Сондай-ақ, балаларға мерекелік сый ретінде Алматы қаласындағы «Көлсай» және «Қайыңды» саяхатына арнайы сертификат табыстады.
Айта кетейік, бүгін аймақ басшысы «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылына мектепке қатынайтын жайлы автобус кілтін табыстаған болатын.

350808737_1703799353404678_6783003706564422181_n.jpg

Тағы да оқыңыз: