Kyzylorda-news.kz. 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған айлық шеңберінде есірткі қылмысы мен нашақорлықтың алдын алу мақсатында Қызылорда облысының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан көптеген профилактикалық іс-шара жүзеге асырылуда. 

Полиция қызметкерлерімен айлық басталғалы 75 түрлі іс-шара өткізілсе,  БАҚ мен әлеуметтік желілерде 312 жариялым жасалды. Профилактикалық іс-шаралар шеңберінде Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Жұмағұлов Ілияс Байжұманұлы бұқара қауымға үндеуі  жасады. 

Облыстың жедел қызмет саласының бас полицейі өз үндеуін,  нашақорлық - адам өмірін жалмайтын қауіпті дерт. Онымен күресте барлығымыз бірге күш біріктіруіміз керек – деп бастады. 

Сонымен қатар, балаларға отбасыда дұрыс тәрбие беріп, денсаулыққа назар аударып, адами қасиеттерді ұмытпай, жаман әдеттерден аулақ болуды үйрету керектігіне назар аударды.

Жастық шақты ғасыр дертімен уламай, жан-жақты ізденіп, тұлғалық қалыптасуға бет бұрып, болашақтың іргетасын бірге қалауға шақырды.

Полиция подполковнигі Ілияс Жұмағұловтың бастамасын облысымыздың түрлі сала уәкілдері мен батыр аналар және ақсақалдар қолдап, жалғастыруда.

Тағы да оқыңыз: