Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық жастар ресустық орталығымен ынтымақтастық меморандум аясында жастар орталығымен пробация қызметкерлері бірлесіп, үш сотталғанның отбасына азық-түліктей көмек берді.
Қайырымдылық – адамның ізгі қасиеттердің бірі. Қызылорда қалалық пробация қызметі пробация есебіне алынған сотталғандарға қайырымдылық көмекті жиі көрсетіп келеді. Бүгінде осындай қайырымдылық көмекті тағы үш сотталғанға көрсетті. Көмек алған отбасылар облыстық жастар ресурстық орталығы мен пробация қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.
«Мұқтажға мейірім көрсетіп, қысылғанға қайырымдылық таныту қанымызда бар қасиет. Бүгінгі көмек пробация есебіндегі тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы үш отбасыға берілді. Бұған дейін де қалалық жұмыспен қамту орталығымен бірнеше отбасыға берілген. Пробациялық бақылауға алынған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмектер беріліп, олардың тұрақты жұмысқа орналасауына да ықпал жасап жатырмыз. Қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады», – дейді пробация қызметінің инспекторы, әділет аға-лейтенанты Жасұлан Иманбек.
Бүгінде қайырымдылыққа зәру отбасылар көп. Аяқ асты от басып, сотталғандардың отбасын қоғамнан алшақтатпай, қайырымдылық жасау – азаматтық іс.