Kyzylorda-news.kz Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев және дВ Жанакорганском районе обсудили работу суда.jpgепартамент басшысы М.Асанова Жаңақорған ауданына жұмыс сапарымен барды.

Жұмыс сапары барысында облыстық сот төрағасы мен Департамент басшысы Жаңақорған аудандық сотының ғимаратын аралап, материалдық жай-күйімен танысты. 

Одан әрі облыстық сот төрағасы мен департамент басшысы Жаңақорған ауданының әкімі Ғ.Жарқынбекпен кездесіп, аудандық соттың материалдық-техникалық жағдайын жақсарту және сот ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелерін талқылады. 

Сонымен бірге, аудандық сот ғимаратында жүргізілетін жөндеу жұмыстарына қажетті жобалық-сметалық құжаттаманың әзірленіп жатқаны айтылып, жоспарланған жұмыстардың жобасы таныстырылды.

Жұмыс сапары аясында облыстық сот төрағасы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында азаматтар істерді қарау тәртібі, жер мәселесі,  тұрғын үйге құқық және өзге де мәселелер бойынша сауалдарын қойды. Тұрғындарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірмелер берілді.

Әрі қарай облыстық сот төрағасы Ә.Шығамбаев, Департамент басшысы М.Асанова және ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Ғ.Тұрғанбай Жаңақорған аудандық сотының судьяларымен және мамандарымен кездесіп, сот төрелігінің сапасы мен тиімділігін арттыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне ерекше тоқталып өтті.

Кездесу соңында Ә.Шығамбаев сот жүйесіне деген халық сенімі әрбір судья мен сот қызметкерінің кәсібилігіне, жауапкершілігіне байланысты екенін айта келіп, қызметтік міндеттерді адал атқарудың маңыздылығына тоқталып, ұжымның жұмысына сәттілік тіледі.

 

Тағы да оқыңыз: