Kyzylorda-news.kz. «Евразия» спорт кешенінде Ұлттық Қауіпсіздік Органдарының 30 жылдығына арналған Қызылорда облысының күштік құрылымдар командалары арасында қазақ күресінен жарыс өтті.
Финалда Қызылорда облысы полиция департаментінің балуандары Қызылорда облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаментінің командасын 3:2 есебімен ұтып, облысымызда алғаш рет ұйымдастырылып отырған командалық жарысының жеңімпазы атанды.
Жеті команда қатысқан бұл жарыста біздің қызметкерлер өз тобында Шекара қызметі, №5547 Ұлттық ұлан әскери бөлім, Мамандандырылған күзет қызметі командаларын айқын басымдылықпен ұтып финалға шыққан. Ұлттық қауіпсіздік департаменті балуандары өз тобында Облыстық Сот пен төтенше жағдайлар департаменті командаларын жеңіп шыққан.
Команда құрамындағы қызметкерлер оқу-жаттығу взводының инспекторлары полиция майоры Қайрат Жалғасбаев 74 келі, полиция капитаны Ержан Абдуллаев 100 келі және Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері полиция капитаны Алмат Тайбағаров 90 келі, полиция аға лейтенанты Алтынбек Тұрмаханов 82 келі, полиция лейтенанты Нұрсұлтан Қарамергенов 66 келі.
«Департамент спортшыларының шеберлігі мен кәсіби деңгейі полицияның мерейінің үстем болуына айрықша ықпал етуде. Келешекте де спортшылар департаменттің намысын биікке көтереді деген сенімдемін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Спортта биік белестерді тілектестік білдіремін», — деп атап өтті Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаев.

