Kyzylorda-news.kz. Осы жылдың бес айында Қызылорда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы 2763 конкурс жариялаған. Сәйкесінше, бүгінде жарияланған конкурстардың 82 проценті аяқталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бауыржан Шаменов мәлімдеді.
Бес айда атқарылған жұмыстарға тоқталған басқарма басшысы п - мемлекеттік сатып алу рәсімдерін және қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру бойынша басқарма қызметкерлерімен онлайн форматта әлеуметтік желі қолданушыларын ақпараттандыру шаралары жүйелі түрде жүргізіліп отыроғандығын тілге тиек етті. Сонымен қатар, басқарма заң нормаларын қолдану тәжірибесінен жинақтаған ақпараттарға талдау жасап, осы мемлекеттік сатып рәсімдерін оңтайландыру мақсатында саладағы уәкілетті органға, яғни, Қаржы министрлігіне өз ұсыныстарын үнемі жолдап отырады.
«Мәселен, осы жылдың 5 айында басқарма тарапынан 13 ұсыныс жолданды», – дейді Бауыржан Серікұлы.
Айта кетейік, мемлекеттік сатып алу веб-порталында жергілікті атқарушы органдарға бағынысты 1041 тапсырыс беруші тіркелген.