Kyzylorda-news.kz Сәулеті жылдан жылға еселеніп, келбеті келіскен Қызылорданың бүгінгі күнгі кереметі қала көшелерінде бой көтерген субұрқақтар. Қала көшелеріне сән беріп, тұрғындарға жайлылық сыйлайтын субұрқақтардың дені саябақтар мен көрнекі орындарда орналасқан.

Сырдың аптап ыстығында қалаға салқын леп берген бұл сәулет өнері – бүгінде көп қызылордалықтардың қуанышына айналған. Әсіресе, балалардың бір мезгіл субұрқақ жанында асыр салып ойнауы қала көркін одан сайын ажарландыра түскендей.

Бүгінде қала келбетіне айналған субұрқақтар «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде, сол жағалауда, орталың алаңда, отбасы орталығының алдында, Сыр ана монументінің айналасында, теміржол вокзалында және тағы да басқа бірнеше жерде орналасқан.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жеңісбек Файзуллаев субұрқақтардың

Белгілі бір уақытта іске қосылатынын айтады.

– Қаладағы субұрқақтар таңертеңнен бастап түске дейін қосылады. Ал түстен кейін үзіліс уақыты беріледі. Кешкі мезгілде қайта қосылып, түнгі 23.00-ге дейін халыққа кешкі демалыс, жақсы көңіл-күй сыйлап тұрады, – дейді бөлім басшысы.
бұған дейін қайта жөндеуден өткен Бейбарыс сұлтан көшесінің бойындағы отбасы орталығы мен Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейдің алдынан бой көтерген субұрқақ аумағы тұрғындардың кешкі демалыс орнына айналған-ды. Жуырда қала көркіне сән қосқан тағы бір субұрқақ пайдалануға берілді. Сырдария өзенінің сол жақ жағалауындағы Абылай хан даңғылын абаттандыру жұмыстары барысында салынған түймедақ бейнелі субұрқақ ел түрлі-түстермен жарықтандырылған. Ерекше үлгідегі субұрқақ бұл күндері сол жағалау тұрғындарының бір сәт таза ауамен тыныстап, демалатын орнына айналды.

Тағы да оқыңыз: