Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұйымдастыруымен жеке тұлғалардың мүлік, жер және көлік салықтары бойынша берешегін өндіру мәселелері туралы дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел басында облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті, облыстық Әділет департаменті, Қызылорда қалалық прокуратурасы, әкімшілік полиция басқармасы мен облыстық жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдері және жеке сот орындаушылары жиналды.

Басқосуды Басқарма басшысы Берік Ниеталиев ашып, мерзімінде төленбеген жеке тұлғалардың салық берешектерін өндіру мәселесіне тоқталды.

Жиын барысында басқарма басшысының орынбасары Еркебұлан Әбдікеров баяндама жасап, жеке сот орындаушылар тыйым салынған мүлiкті алып қоюды жүргізуге немесе борышкердің тыйым салынған мүлiкті пайдалану жөніндегі құқықтарын шектеуге құқылы екендігін атап өтті.

Дөңгелек үстелге жиналғандар ағымдағы жылғы 28 қараша мен 20 желтоқсан аралығында көлік салығы бойынша борышкерлердің берешегін өндіру мақсатында автокөліктерінің қозғалысын шектеп, айыппұл тұрағына қою бойынша бірлескен рейдтер жүргізуге уағдаласты.
 

10.jpg
11.jpg

Тағы да оқыңыз: