Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданына қарасты Асқар Тоқмағанбетов ауылының егіс алқабындағы айқай-шу әлеуметтік желілерде тарап кетті. Біраз уақыттан бері көпшіліктің талқысына түскен бұл мәселенің әзірге шегі жоқ секілді.

Бұл оқиғаға қатысты әзірге ресми мәлімдеме берілген жоқ. Егістік басында жүрген құқық қорғау орган қызметкерлері де әлсіздік танытқан сыңайлы. Бейнежазбадан олардың ұялы телефондарына болған жайтты түсіргенін ғана аңғаруға болады.

Қырман басындағы қырғын жайында “Facebook” әлеуметтік желісінде Азамат Скаков баяндады.

“Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Асқар Тоқмағамбетов ауылындағы дауды шешетін билік жоқ. Бір айдан бері кәсіпкердің жұмысын тоқтатып тастаған аудан әкімі, аудан прокуроры, аудандық полицияға бүгін облыс прокурорының бірінші орынбасары Т.Әлібаев пен облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары қосылды. Сырттан келіп ауылымызды билеп төстеп алған М.Алдоңғаров егістің басына қарулы күзетпен келіп халыққа оқ атып, көліктерімен адам қағып ойларына келгенін істеп халықты тағы ашындырды. Бұны көріп тұрған құқық қорғау органдары өздерінің дәрменсіздігін көрсетіп шарасыз болды. Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде шулап, облыс әкімі Г.Әбдіхалықоваға шағымын айтып кіре алмаған халықтың билікке деген сенімдері мен үміттері үзілді”, – деп жазады Азамат Скаков.

P.S. Қырман басындағы қырғын кезінде түсірілген бейнежазбада адамды көлік қағып кеткенін аңғаруға болады.

Ескерту: Видеода анайы сөздер айтылады.

Тағы да оқыңыз: