Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

Аймақта жүргізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 9 қараша күні сағат 20:17 шамасында Қызылорда қаласы полиция басқармасының учаскелік полиция қызметкері полиция капитаны Бақтияр Ақжігіт бағыт аралау барысында 42 жастағы күдікті азаматты тоқтатқан.

Тексеру барысында күдікті өзімен бірге құжаты жоқ ішкі істер орындарында тіркелмеген ИЖ-16 маркалы қаруды заңсыз алып жүрген. Бір ұңғылы, 16 калибрлі аңшы мылтығының нөмірі жоқ. Қызылордалық полицейлер қаруды заттай дәлелдеме ретінде алды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен (Ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы, газ қаруын және оның патрондарын заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама толтырылды.

Аталған іске байланысты жинақталған материал сотқа жіберілетін болады.

Айта кетейік, қазіргі таңда аймақта «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Аталған шара аясында қызылордалық полицейлер 3 күнде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 19 дерегін тіркеді.

Іс-шараның басты мақсаты - табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.
 

кару.jpg

Тағы да оқыңыз: