Kyzylorda-news.kz. Алғаш рет Қазақстанда көшеттеп күріш егу жұмыстары басталды.
Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінде жапон технологиясы бойынша 300 гектар жерге көшеттеп күріш егу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге 35 гектарға көшеттеп егу тәсілі арқылы күріш дақылы егілді.
Жаңа тәсілді Ы.Жақаев атындағы «Қазақ күріш ғылыми зерттеу институты» мен «Golden Bridge Turan» ЖШС бірелесіп атқаруда.
