Kyzylorda-news.kz. Редакцияға Қызылорда қаласының тұрғыны Шынжырхан Сүлейменовтен хат келді. Хатта қала тұрғыны шаһар тазалығына қатысты сын жазып, тұрғындарды сенбілікке шақырған.
«Әйтеке би көшесіндегі темір жол маңында орналасқан орталық қазақ бейітінің тазалығы сын көтермейді. Бейіт қалалық әкімдіктің меншігінде болғанымен тазалық жұмыстары жүргізілмейді. Біз қазақ халқы ата-баба аруағын қадірлеген халықпыз. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында бейітті күтіп тазалаған үлкен сауап. Осы Ораза айының бірінші күні, яғни 02 сәуір күні 10-00 осы бейіт маңына сенбілікке шақырамын. Кәсіпкерлер автокөлік, техникалық құралдармен көмектессе деген өтінішім бар», – делінген редакцияға жолданған хатта.
Байланыс телефоны 8 705 241 6730 Шынжырхан Сүлейменов.
